ТЕННИСТРЕНДТЕ

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – Канада матчына жеребе тартылды

Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясындағы Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы іріктеу матчының жеребесі өтті.

Алғашқы кездесуде Юлия Путинцева канадалық Кайла Кроссқа қарсы кортқа шығады. Бұл ойын 10 сәуірде өтеді.

Сол күні Соня Жиенбаева мен Бьянка Андрееску өзара мықтыны анықтайды.

Жұптық сында Анна Данилина / Жібек Құламбаева дуэті Ариана Арсено / Александра Ваграмов жұбына қарсы ойнайды.

Сонымен қатар Юлия Путинцева – Бьянка Андрееску және Соня Жиенбаева – Кайла Кросс матчтары да жоспарланған.

Кездесулер 10–11 сәуір күндері Астанадағы Beeline Arena корттарында өтеді. Матч үш жеңіске дейін жалғасады, ал жеңімпаз финалдық кезеңге жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button