БОКСТРЕНДТЕ

Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

70 келіге дейінгі салмақтағы финалда ол үндістандық Арундхати Чаудхариге қарсы айқаста жеңіліп қалды. Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен басым болғанымен, кейін қарсыласы есепті өз пайдасына бұрып, жекпе-жекті 4:1 есебімен аяқтады.

Осылайша, Сейдіш құрлық біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, 9 сәуірде әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер жалғасады. Бұл күні Надежда Рябец (80 кг дейін) және Дина Исламбекова (+80 кг) алтын медаль үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button