
Қазақстандық балуан Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
97 келіге дейінгі салмақта өткен белдесуде ол оңтүстіккореялық Минхо Лиға қарсы айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Евлоев кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ нәтижелі әдістер сериясын орындап, айқын басымдыққа ие болды.
Осылайша, қазақстандық спортшы құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматбек Аманбек алтын медаль жеңіп алса, Ибрагим Магомадов пен Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге ие болған еді.



