КҮРЕСТРЕНДТЕ

Алматбек Аманбек Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол финалда ирандық Мұхаммад Джавад Резаиге қарсы белдесуде айқын басымдық танытты.

Шешуші белдесу мерзімінен бұрын аяқталып, қазақстандық балуан туше әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алматбек Аманбек құрлық чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button