БОКСТРЕНДТЕ

Тоғамбай Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

90 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол өзбекстандық Халимжон Мамасолиевке қарсы айқаста жеңіліс тапты. Есеп 1:4.

Осылайша, Тоғамбай турнирді қола медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, жартылай финал нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы финалға шықты. Алтын медаль үшін Бақыт Сейдіш, Дина Исламбекова, Надежда Рябец, Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай жұдырықтасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button