
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоноқав қарсы айқаста 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды.
Айта кетейік, кешкі сессияда Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Халимжон Мамасолиевқа қарсы жекпе-жек өткізеді.



