ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚФФ екі төрешіні уақытша қызметінен шеттетті

Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстардағы матчтарға қызмет көрсетуінен уақытша шеттетілгенін мәлімдеді.

Мұндай шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турындағы бірқатар өрескел қателіктерге байланысты қабылданған. Федерация мәліметінше, бұл қателіктер ойын нәтижесіне әсер еткен.

Төрешілердің алдағы тағдырына қатысты нақты шешім ҚФФ-ның құзырлы органдары толық тексеріс жүргізгеннен кейін қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button