
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алды.
85 келіге дейінгі салмақта ол жартылай финалда моңғолиялық Бариахан Доржға қарсы айқаста сенімді жеңіске жетті.
Алғашқы раундта Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдыққа ие болды. Кейінгі раундтарда да толық үстемдік танытып, жекпе-жекті 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.
Осылайша, қазақстандық боксшы финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынайды.



