
Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясындағы ойындар аяқталды.
Турдың орталық кездесулерінде «Қайрат» өз алаңында «Астананы» ірі есеппен жеңді — 4:0. «Жеңіс» пен «Оқжетпес» тең тарқасты — 1:1.
«Жетісу» «Каспийден» 1:0 есебімен басым түссе, «Ұлытау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.
«Ордабасы» мен «Атырау» да жеңімпазды анықтай алмады — 1:1.
Тағы бір ойында «Елімай» «Тобылды» 1:0 есебімен ұтты. Ал «Ертіс» пен «Алтай» кездесуінде павлодарлық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Алматылық «Қайрат» 4 матчтан кейін 10 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Команда әлі жеңіліс көрмеген және доп айырмасы да әсерлі — 6:0.
Екінші және үшінші орындарды «Ордабасы» мен «Елімай» бөлісіп тұр. Екі команда да 8 ұпайдан жинаған. Сондай-ақ «Оқжетпес» те дәл осындай көрсеткішпен төртінші сатыда келеді.



