
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
75 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол қытайлық Бао Цзыимен кездесті. Алғашқы екі раундта қазақстандық спортшы басым көрінгенімен, шешуші кезеңде төрешілер жеңісті қарсыласына берді.
Кездесу барысында ереже бұзуға байланысты Хальзованың ұпайы шегеріліп, қорытынды есеп қарсылас пайдасына шешілді.
Осылайша, Валентина Хальзова құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.



