
Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол қытайлық Алимире Абудурейимудан айқын басым түсті. Қазақстандық спортшы алғашқы екі раундта да сенімді өнер көрсетіп, жеңісті өз пайдасына шешті.
Осылайша, Сейдіш құрлық біріншілігінің финалына шығып, алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды. Оның шешуші кездесудегі қарсыласы кейін анықталады.



