
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.
65 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол қырғызстандық Мирзохид Имамназаров қарсы жекпе-жекте 3:2 есебімен басым түсті.
Осы нәтижесінің арқасында Зейнуллинов кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті және енді финал жолдамасы үшін күреседі.



