
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға шықты.
70 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы айқаста 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.



