БОКСТРЕНДТЕ

Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда филиппиндік Пол Джулифер Баскон қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді қазақстандық боксшы ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото мен жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Орақбаева, Элина Базарова және Римма Волосенко жарысты ерте аяқтаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button