
Анталияда өткен Turkiye Open-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде тағы бірнеше жүлде жеңіп алды.
87 келіге дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали финалда қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
74 келіге дейінгі салмақта Эльдар Бірімбай күміс жүлдеге қол жеткізсе, Абылайхан Мергенбай мен Бейбарыс Қаблан қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Айдана Құмартаева күміс жүлдегер атанса, Нодира Ахмедова, Айдана Сүндетбай, Мария Севостьянова және Назым Махмұтова қола медаль алған еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы беделді турнирдегі жүлде қорын толықтырды.



