
Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала құрамы белгілі болды.
Халықаралық додаға елімізден 18 спортшы қатысады. Ерлер құрамында Нұрқанат Серікбаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан секілді спортшылар бар.
Әйелдер арасында Диана Бүркеева, Дана Әбдірова, Ажар Асхат және Ақерке Рамазанова ел намысын қорғайды.
Құрама тізімі алдын ала жарияланғандықтан, жарыс басталғанға дейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 16–18 сәуір аралығында өтеді.



