
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 турнирінде қос бірдей жеңіске жетті.
Отандасымыз жекелей сында финалда үндістандық Сонал Патил қарсы ойнап, 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Сонымен қатар Құламбаева жұптық сайыста да топ жарды. Ол ресейлік Екатерина Яшина мен бірге финалда тағы бір ресейлік жұп — Элина Неплий мен Ксения Ласкутованы жеңді. Шешуші матч 5:7, 6:4, 10:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл қос титул Жібек үшін осы маусымдағы алғашқы жеңістер болды. Теннисші бұған дейін алған жарақатынан кейін қайта бабына келіп үлгерді.



