
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастап, әлем чемпионатына дайындықты қолға алды.
Команда Испанияның Пучсерда қаласында өтетін IB дивизионындағы әлем біріншілігіне қатысады. Дайындықтың алғашқы кезеңі 1 сәуірде аяқталып, одан кейін құрам Испанияға жол тартады.
Жиынға кеңейтілген құрам шақырылып, оған елдің жетекші клубтарының ойыншылары енгізілді. Құрама сапында «Торпедо», «Томирис», «Айсұлу Таңдаулы» және «Грация» клубтарының хоккейшілері бар.
Сонымен қатар, Айсұлу ойыншыларының бір бөлігі Еуропа лигасының (EWHL) плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Олар ұлттық құрамаға Испаниядағы жиын барысында қосылады.
Әлем чемпионаты 12-18 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы турнирде Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания командаларымен кездеседі.



