ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина Майамиде финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты.

Отандасымыз шешуші кезеңге шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Кездесу екі сетке созылып, 6:4, 6:3 есебімен Соболенконың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Рыбакина турнирді жартылай финал сатысында аяқтады. Қазіргі таңда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте екінші орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button