ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Биатлоннан ел чемпионаты: алғашқы чемпиондар белгілі болды

Щучье қаласында биатлоннан Қазақстан чемпионаты басталып, алғашқы жүлделер өз иелерін тапты.

Спринт жарысында ерлер арасында Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Александр Мухинге бұйырса, қола медаль Ержанат Қуандық еншісіне тиді.

Әйелдер бәсекесінде Ольга Полторанина чемпион атанды. Милана Генева екінші орын алса, Дарья Климина үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, ел біріншілігіне Қазақстанның тоғыз өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button