
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңін сәтті бастады.
Отандастарымыз Румынияны 2:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Гол авторлары — Абылай Төлеухан және Азамат Тұяқбаев.
Команда келесі ойынын 28 наурыз күні Украинаға қарсы өткізеді.
Ал Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының А лигасында Аустриямен 0:0 есебімен тең түсті. U17 құрамасы келесі матчта 28 наурызда Даниямен кездеседі.



