
Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің өтетін орны өзгерді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Екі федерацияның келісімі бойынша матч Түркістанда емес, Венгрияның Дебрецен қаласында өтетін болды. Ойын 9 маусым күні «Надьердеи» стадионында жоспарланған.
Осылайша, маусым айындағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы екі кездесуді де сырт алаңда өткізеді. 6 маусымда команда Ереванда Арменияға қарсы ойнаса, 9 маусымда Венгриямен кездеседі.



