ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: «Астана» көш бастады, «Елімай» ірі жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойындары аяқталып, турнир кестесінде өзгерістер орын алды.

Турдың басты нәтижелерінің бірі – «Елімайдың» сырт алаңда «Ақтөбені» 4:1 есебімен жеңуі болды. Осылайша семейлік клуб маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал елордалық «Астана» өз алаңында «Тобылды» 2:0 есебімен ұтып, 7 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Петропавлда өткен «Қызылжар» мен «Ертіс» кездесуі 2:2 есебімен аяқталды. Қос команда да бірнеше мәрте есепте алға шыққанымен, жеңісті сақтай алмады. Атырауда өткен ойында да жеңімпаз анықталмады – «Атырау» мен «Жеңіс» 0:0 есебіне тоқтады.

Шымкентте «Ордабасы» «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Ал «Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде алдыңғы қатарға жақындай түсті.

Талдықорғанда «Жетісу» мен «Қайрат» арасындағы матчта да гол соғылмай, командалар ұпай бөлісті. Сондай-ақ «Алтай» мен «Каспий» ойынында да есеп ашылған жоқ.

Осы турдан кейін чемпионат екі апталық үзіліске шықты. Келесі, төртінші тур ойындары 4 сәуірде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button