
10–11 сәуір күндері Астанада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Канада құрамалары өзара кездеседі.
Командалар әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы:
- Анна Данилина (жұптық сында WTA №6)
- Юлия Путинцева (WTA №76)
- Жібек Құламбаева (жұптық сында №178)
- Аружан Сағандықова (WTA №871)
- Соня Жиенбаева (WTA №1018)
Айта кетейік, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданған. Биыл Рыбакина үшін басты мақсат – әлемдік рейтингте көшбасшылық үшін күресу.
Канада құрамасы:
- Виктория Мбоко (WTA №10)
- Габриэла Дабровски (жұптық сында №2)
- Марина Стакусич (WTA №130)
- Бьянка Андрееску (WTA №165)
- Кайла Кросс (WTA №194)
Аталған кездесудің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.



