ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: «Қайрат» «Ақтөбені» жеңді, «Ордабасы» сырт алаңда үш ұпай алды

Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры аясында бірқатар матчтар өтті, деп хабарлайды SportM.kz.

Күннің орталық ойындарының бірі Алматыда өтіп, онда «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Осылайша алматылық клуб маңызды үш ұпайды еншіледі.

Жезқазғанда өткен матчта «Ұлытау» «Қызылжарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Астанадағы ойында «Елімай» мен «Алтай» 1:1 есебімен тең тарқасты.

Қостанайда жанкүйерлер тартысты кездесуге куә болды. «Тобыл» мен «Жетісу» 2:2 есебімен тең ойнады.

Қызылордада өткен кездесуде «Қайсар» мен «Астана» гол соға алмай, 0:0 есебімен тең тарқасты.

Павлодарда «Ертіс» пен «Атырау» да 1:1 есебімен тең түсті.

Ал елордада өткен матчта «Ордабасы» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңіп, турдағы маңызды жеңістердің біріне қол жеткізді.

Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры 17 наурызда «Каспий» – «Оқжетпес» кездесуімен жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button