ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спортшысы Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.
Құрлықтық біріншілікте қазақстандық атлет спорттық жүрістен жартылай марафон қашықтығында екінші болып мәреге жетті. Оның көрсеткіші — 1:37:17.
Жарыстың жеңімпазы атанған Қытай спортшысы Чжан Тин қашықтықты 1:36:18 уақытта еңсерді. Ал үшінші орынды тағы бір қытайлық атлет Лю Хайянь иеленді — 1:38:45.
Осылайша Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасының қоржынына Азия чемпионатындағы кезекті жүлдені салды.



