БОКСТРЕНДТЕ

Сегіз қазақстандық боксшы Futures Cup турнирінің финалына шықты

Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup турнирінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Жартылай финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының сегіз спортшысы финалға жолдама алды.

Ерлер арасында Досжан Жұмақан (60 кг дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 кг дейін), Хамза Мақсатұлы (75 кг дейін), Тимур Тайбеков (80 кг дейін), Жалғас Утебеков (90 кг дейін) және Владислав Саможонов (90 кг жоғары) алтын медаль үшін бақ сынайды.

Әйелдер арасында Камила Оспанова (70 кг дейін) мен Айдана Убайдуллақызы (80 кг дейін) финалға шықты.

Ал Ақнұр Тұрсынғали (57 кг дейін), Зарина Толыбай (75 кг дейін) және Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг дейін) турнирді қола медальмен аяқтады.

Турнирдің финалдық жекпе-жектері 15 наурыз күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button