ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль иеленді.
Қыздар арасындағы жарыста қазақстандық Диана Ержанова чемпион атанды. Ол қашықтықты 1:01:59 уақыт нәтижесімен еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды.
Күміс жүлде Канаде Сугиураға (Жапония) бұйырды – 1:02:16. Ал үшінші орынды Пак Со Ын (Оңтүстік Корея) иеленді – 1:02:43.
Ұлдар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Рамазан Әйнегов 55:39 уақыт көрсеткішімен қола медальға қол жеткізді.
Бұл сайыста Коносуке Учида (Жапония) 55:22 нәтижесімен жеңіске жетсе, оның командаласы Даики Нишизаки 55:34 уақытпен екінші орын алды.



