
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда Рыбакина ұлыбританиялық Сонай Карталмен кездесті. Матч барысында қазақстандық теннисші қарсыласының ойыннан бас тартуына байланысты жеңіске жетті.
Кездесудің алғашқы сеті Рыбакинаның пайдасына 6:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте де қазақстандық спортшы 4:3 есебімен алда тұрған сәтте қарсыласы жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.
Осылайша Елена Рыбакина жарыстың ширек финалына шықты. Келесі кезеңде ол америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.



