ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирдің жеңімпазы атанды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан «Күміс шар» халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да қарсыластарынан озып шықты.

Финалдық жарыста ол қашықтықты 9,56 секундта бағындырды.

Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук (9,69 секунд) иеленсе, тағы бір нидерландтық спортшы Мац ван де Бос 9,82 секунд нәтижемен үшінші орын алды.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта өнер көрсетіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button