ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды.
Ел қоржынына алғашқы жүлдені пара шаңғышы Ербол Хамитов салды. Ол отырып жарысу санатындағы спринт бәсекесінде үздік үштікке еніп, қола медальға ие болды.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 2:29.9 уақыт көрсеткішімен бағындырып, үшінші орын алды.
Жарыста алтын медальді қытайлық Цзысюй Лю (2:28.9) жеңіп алса, бразилиялық Кристиан Вестемайер (2:29.6) күміс жүлдеге қол жеткізді.



