
Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өткен Гран-при турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын және 1 қола медальмен тәмамдап, жалпыкомандалық есепте 7-орынға ие болды.
Жарыстың алғашқы күнінде -60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шерзод Давлатов қола медаль жеңіп алды. Ал турнирдің екінші күнінде -81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әділет Алмат барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Бұл – қазақстандық дзюдошының Гран-при санатындағы алғашқы алтын жүлдесі.
Сондай-ақ бүгін +78 келі салмақта белдескен Ақерке Рамазанова қола медаль үшін өткен кездесуде Эстония спортшысына есе жіберді. Ал -100 келіге дейінгі салмақта Марат Байкамуров жұбаныш белдесуінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Жорже Фонсекаға жол берді.
Айта кетейік, Линцтегі турнирге 59 елден 479 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 20 спортшы бақ сынады.


