ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Мастерс турнирінде бесінші нөмірмен тіркелген Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич екінші айналымда украиналық Людмила Киченок пен америкалық Дезире Кравчик жұбымен кездесті.

Алғашқы партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте Данилина мен Крунич қарсыластарынан айқын басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 10 минутқа созылған матч барысында Данилина мен Крунич 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал Киченок пен Кравчик бір ғана брейк жасап, үш мүмкіндіктің бірін іске асырды.

Ширек финалда Анна Данилина мен Александра Крунич америкалық Хейли Баптист – латвиялық Елена Остапенко немесе ресейлік Мирра Андреева – канадалық Виктория Мбоко жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button