БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстандық боксшылар Бангкоктағы жастар турнирін жеңіспен бастады

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан World Boxing Futures Cup (U19) лицензиялық турнирі басталды. Аталған жарыста үздік жас спортшыларға жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама беріледі.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шығып, үшеуі де жеңіске жетті.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Марал Төлепберген шотландиялық Росие Суайлесті 4:1 есебімен жеңді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Досжан Жұмақан кениялық Феликс Ониангоны техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды.

70 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Әшірбай тәжікстандық Мұхаммад Мамадалиевтен 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша қазақстандық боксшылар турнирдің алғашқы күнін үш жеңіспен бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button