ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: бірінші турдың тағы бірнеше матчы аяқталды

Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясында бірқатар ойындар өтіп, қызықты нәтижелер тіркелді.

Петропавлда «Қызылжар» соңғы минуттарда камбэк жасап, «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді. Қонақтар сапынан 11-минутта Амарал есеп ашқан еді. Алайда ойынның соңына қарай Бугре (83’) мен Бьярталид (89’) гол соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Матчтың 86-минутында «Қызылжар» ойыншысы Мульдинов қызыл қағаз алды.

Ал «Атырау» мен «Ұлытау» арасындағы кездесу голсыз тең аяқталды — 0:0. Ойын соңына қарай, 87-минутта Мәлікайдар қызыл қағазбен алаңнан қуылды.

Қызылордада өткен матчта «Қайсар» мен «Жеңіс» те тең тарқасты — 1:1. Алдымен 45-минутта Кеңесбек есеп ашса, 85-минутта Ыдырысовтың автоголынан кейін есеп теңесті.

Ал Астанада «Астана» клубы «Жетісуді» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Голдарды Басманов (14’), Бартолец (29’), Абраев (39’) және Томасов (57’) соқты. Талдықорғандықтар сапынан жалғыз голды Живанович (81’) енгізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button