ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы анықталды

Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.

4 наурыз күні турнир аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Илья Мизерных өнер көрсетеді.

Ұлттық құрама сапында сондай-ақ Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова және Алена Свириденко бақ сынайды.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, 4 наурызда қыздар арасындағы сайыстар өтеді. Ал келесі күні ерлер арасындағы бәсекелер басталады. Сонымен қатар чемпионат аясында командалық жарыстар да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үлкен тұғырдағы жарыста сегізінші орын алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button