
Албанияның Тирана қаласында өткен күрес түрлерінен рейтингтік халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы 11 жүлде еншіледі.
Әйелдер күресінде Зейнеп Баянова (50 кг дейін), Лаура Алмағанбетова (55 кг дейін) және Жәмилә Бақбергенова (72 кг дейін) алтын медальға ие болды. Нилуфар Раимова (57 кг дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг дейін) қола жүлде алды.
Грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет (67 кг дейін) чемпион атанды. Ал Марлан Мұқашев (55 кг дейін) пен Ернұр Фидахметов (63 кг дейін) үшінші орын иеленді.
Еркін күресте Болат Сақаев (86 кг дейін), Азамат Дәулетбеков (92 кг дейін) және Ризабек Айтмұхан (97 кг дейін) қола медаль жеңіп алды.



