
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа» кубогында Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль иеленді.
Жарыста Даниял Сәбит (50 кг дейін), Элина Базарова (54 кг дейін), Надежда Рябец (80 кг дейін) және Валерия Аксенова (80 кг жоғары) чемпион атанды.
Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін) пен Лаура Есенкелді (65 кг дейін) финалда өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал Әнел Сақыш (54 кг дейін), Валентина Хальзова (75 кг дейін) және Дина Исламбекова (80 кг жоғары) турнирді қола медальмен аяқтады.



