ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Вадим Чебардаков Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды салды

Қазақстан құрамасы Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады. Конькимен жүгіруден ұлттық құрама алты алтын медаль жеңіп алды.

Чемпионаттағы соңғы алтын жүлдені Вадим Чебардаков иеленді. Шешуші жарыс күнінде ол масс-стартта топ жарып, 5:29.87 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Сондай-ақ 34 спринтерлік ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігін жалпы жеті медальмен қорытындылады. Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыс қорытындысында чемпион атанды. Бұдан бөлек, 3000 метрде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер құрамасы командалық спринтте де жеңіске жетті. Бұл сында Қазақстан намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button