
Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль иеленді.
72 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Ал грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта финалда топ жарып, алтын медальді қоржынға салды.
Еске салайық, бұған дейін Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) мен Лаура Алмағамбетова (55 келіге дейін) да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген болатын.
Сонымен қатар әйелдер құрамасы екі қола жүлдемен толықты. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) үшінші орын иеленді.



