БОКСТРЕНДТЕ

Мэйвезер – Пакьяо реваншы: аңыздар қыркүйекте тағы жұдырықтасады

Кәсіпқой бокстың қос аңызы Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы көптен күткен реванш 19 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Sphere аренасында өтеді. Бұл туралы The Ring басылымы хабарлады.

Кездесудің ұйымдастырылатынын Netflix ресми түрде жариялаған. Ауқымды айқасты өткізуге жаңа әрі заманауи Sphere аренасы ниетті екені бұған дейін де айтылған еді.

Өткен аптада Флойд Мэйвезер Майк Тайсонмен өткізген көрсетілімдік жекпе-жектен кейін кәсіби боксқа қайта оралатынын мәлімдеді. Ол алдағы айқасқа сенімді екенін де жасырмады.
— Мен Мэннимен бір рет жұдырықтасып, жеңгенмін. Бұл жолы да нәтиже солай болады, — деді Мэйвезер.

Ал 47 жастағы Мэнни Пакьяо 18 сәуірде Thomas & Mack Center кешенінде Руслан Проводниковпен көрсетілімдік жекпе-жек өткізеді. Одан кейін бес айдан соң Мэйвезермен реванш алуға мүмкіндік алады.

— Біз Флойдпен бірге бокс тарихындағы ең ірі жекпе-жектердің бірін жасадық. Жанкүйерлер бұл кездесуді ұзақ күтті, енді ол бүкіл әлемге Netflix арқылы тікелей көрсетіледі, — деді Пакьяо.

Осылайша, әлем бокс жанкүйерлері бірнеше жылдан бері күткен Мэйвезер – Пакьяо реваншы ресми түрде өтетіні белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button