
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Байрақты додада Қазақстан намысын 14 балуан қорғайды.
Ұлттық құраманың құрамы:
Ерлер:
- 60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
- 66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
- 73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
- 81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
- 90 кг: Барақ Арқабай
- 100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев
- +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев
Әйелдер:
- +78 кг: Назгүл Маратова
Айта кетейік, турнир 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Құрама сапына кейін өзгерістер енгізілуі мүмкін.



