БОКСТРЕНДТЕ

«Странджа» турнирі: алғашқы күні қазақстандық боксшылардың жартысы келесі кезеңге өтті

23 ақпанда Болгария астанасы Софияда бокстан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі басталды. Алғашқы жарыс күні шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шығып, оның бесеуі келесі айналымға жолдама алды.

Күндізгі сессияда отандастарымыз сәтті өнер көрсетті.
50 келіде Бекзат Алдамжаров өзбекстандық Азия чемпионы Асылбек Жалиловтан 0:5 есебімен жеңілді. Ал 70 келіде Фарух Тоқтасынов аустриялық Арсен Чабианды 5:0 есебімен айқын ұтты.
55 келіде Бағлан Кенжебек Еуропаның екі дүркін чемпионы Ниджат Гусейновты 5:0 есебімен жеңсе, Тимур Қабдешов 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Пэтси Джойсты 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жастар арасындағы әлем чемпионы Абдулазиз Журакуловты 5:0 есебімен ұтты. 90 келіде Нурмагамед Юсупов уэльстік Коннор Уильямсты 4:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Кешкі сессияда бірнеше тартысты жекпе-жек өтті. Руслан Күзеубаев АҚШ чемпионы Салим Еллис Бейге 2:3 есебімен есе жіберді. Жексен Бейбарыс моңғолиялық Лундаа Гантумурдан 1:4 есебімен жеңілді. 80 келіде Диас Молжігітов америкалық әлем чемпионы Робби Гонзалеске 1:4 есебімен жол берді. Ал Санжарали Бегалиев бразилиялық Кауэ дос Сантос Белиниден 0:5 есебімен ұтылды.

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінен кейін Қазақстан құрамасының бес боксшысы келесі кезеңге жолдама алып, турнирді жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button