
Беларусьтің астанасы Минскіде Александр Медведьтің құрметіне арналған халықаралық Гран-при турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы додадан 14 медальмен оралды.
Еркін күрес бойынша жарыста Едіге Қасымбек 125 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Күміс медаль 79 кг-да Нұрлан Өтегенов мен 86 кг-да Дәулет Ергештің үлесіне тиді. Қола жүлдені Мейіржан Аширов (74 кг), Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг), Ади Серікұлы (65 кг), Начын Куулар (70 кг), Санжар Досжанов (74 кг), Нұркерім Ернияз мен Бейбарыс Қасымбек (92 кг) жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде де ұлттық құрама өзін көрсетті. Лаура Ғаниқызы (50 кг) мен Алина Ертөстік (76 кг) күміспен, Ирина Казюлина мен Елена Шалыгина (68 кг) қоламен марапатталды.



