ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Олимпиададағы соңғы жарысын өткізді

Қазақстан ұлттық құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс бағдарламасын толық аяқтады.

Ұлттық құрама үшін соңғы бәсеке әйелдер арасындағы 50 шақырымдық классикалық әдіспен масс-старт болды. Бұл сында ел намысын Надежда Степашкина мен Анна Мельник қорғады.

Надежда Степашкина жарысты 31-орында аяқтады. Ал Анна Мельник көшбасшының бір айналымға басып озуына байланысты жарысты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Аталған қашықтықта швециялық Эбба Андерссон чемпион атанды. Норвегиялық Хейди Венг күміс жүлде иеленсе, швейцариялық Надя Келин қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы барлық жарыстарын қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button