ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдері конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңін төрт алтынмен бастады

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды.

Кристина Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда қарсыластарынан озып, қос бірдей алтынға қол жеткізді.

Нео-сеньорлар санатындағы 1000 метрде жүлделер толықтай қазақстандық спортшыларға бұйырды: Инесса Шумекова бірінші орын алды, Дарья Важенина күміс жүлдегер атанса, Алина Дауранова үшінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы (нео-сеньорлар) әйелдер арасындағы командалық спринтте де топ жарды.

Қосымша нәтижелер де тіркелді: Андрей Семёнов нео-сеньорлар арасындағы 1000 метрде күміс жүлдеге ие болды. Жасөспірім қыздар командалық спринтте екінші орын алса, ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) қола медаль еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button