
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша ресми шешім шығарды.
Ұйым шешіміне сәйкес, орта салмақтағы әлем чемпионы бір жылға жарыстардан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап есептеледі. Осылайша, боксшы 2026 жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралуы тиіс.
Еске салайық, 15 қарашада тапсырылған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. Кейін VADA ұйымы боксшыға ресми хат жолдап, жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеген.
Енді қазақстандық боксшы рингке оралған соң уақытша чемпиондық белдік иесімен кездесуі ықтимал.



