Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықтағы жарыс өтті.
Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшылардың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева тіркеді. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орынға ие болды.
Надежда Морозова осы қашықтықты 1:54.86 нәтижесімен аяқтап, 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақытпен 24-сатыдан көрінді.
Жарыста нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа (1:54.15) бұйырса, қола медаль канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) берілді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.



