ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Михаил Шайдоров Олимпиададағы костюмін мұражайға табыстады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына тапсырды.
Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті.
Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.
Осылайша, қазақстандық спортшының тарихи жетістігі Олимпиада мұражайының экспозициясына енгізіліп, әлемдік спорт тарихының бір бөлігіне айналды.



