ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Снуп Догг Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтады

Америкалық танымал рэпер Снуп Догг мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми Instagram парақшасында жарияланған видеода олардың Милан қаласындағы Piazza del Duomo орталық алаңында кездескені көрсетілген. Танымал музыкант қазақстандық спортшыға жылы лебізін білдіріп, онымен бірге естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Снуп Догг XXV қысқы Олимпиада ойындары кезінде NBC Universal телеарнасының арнайы комментаторы ретінде жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар ол Миланда өткен Олимпиада алауының эстафетасына да қатысты.

Фото: Сали Сабыров

Басқа жаңалықтар

Back to top button